Ағымдағы жылдың 10 – 12 қараша аралығында өткізілген Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарының іске асырылуы және тағы басқа сұрақтар бойынша мектептің білім беру қызметі зерделенді. Бақылау жүргізу аясында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері бойынша, сондай-ақ мектепке дейінгі шағын орталықтың қызметі зерделенді.
Профилактикалық бақылаудың қорытындысына келісе мектеп қызметінде білім беру туралы заңнамасының талаптары бұзылғаны, оның ішінде: жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі; оқу жоспарының пәндерін оқытылуын тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімдері жоқ педагогтармен оқытылуы; педагогикалық лауазымдарға педагогикалық білімдері жоқ, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында танылмаған білім туралы құжаттары бар педагогтар жіберілуі анықталды.
Ұлттық білім беру дерекқорындағы мәліметтері фактілік мәліметтерге сәйкес келмеуі; edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың жоқтығы; компьютерлік сыныптың компьютерлері интернет желісіне қосылмағандығы; бастауыш білім беру үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың жоқтығы; тәрбиенушілер мен білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері арасында жасалған шарттардың жоқтығы бойынша бұзушылықтары анықталды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі, мектепке дейінгі шағын орталық, мектепалды даярлық сынып топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшеліктерінің сақталмағандығы; мектепке дейінгі жастағы тәрбиенушілердің әлеуметтік және эмоционалды, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлардың жоқтығы анықталды.
Мемлекеттік бақылау шараның қорытындысы бойынша мектеп басшылығына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, білім саласындағы заңнамасының бұзылған талаптарын жою мерзімдері анықталып, ұсыныстар берілді.
 
В рамках профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля — КГУ «Докучаевская общеобразовательная школа отдела образования Наурзумского района» Управления образования акимата Костанайской области, проведенного с 10 по 12 ноября текущего года, изучена деятельность школы на предмет соответствия требованиям законодательства Республики Казахстан в области образования, в том числе по соблюдению квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности, типовых правил детельности организаций образования соответствующих типов, реализации требований государственного общеобязательного стандарта образования и др. В рамках контроля изучена деятельность школы по уровням начального, основного среднего, общего среднего образования, а также деятельность дошкольного мини-центра.
По итогам профилактического контроля установлены нарушения требований законодательства в области образования в части: несоответствия рабочих учебных планов типовым учебным планам; преподавания предметов учебного плана педагогами, не имеющими педагогического образования по соответствующим профилям; допущение на педагогические должности педагогов, не имеющих педагогического образования, а также документов об образовании, не имеющих признания на территории Республики Казахстан.
Установлены несоответствия сведений в Национальной образовательной базе данных с фактическими данными, отсутствие доменного имени третьего уровня в зоне edu.kz, отсутствие подключения к сети интернет всех компьютеров компьютерного класса, отсутствие шкафов для индивидуального использования для обучающихся начальных классов, отсутствие договоров на оказание образовательных услуг с родителями или законными представителями обучающихся и воспитанников.
По уровню дошкольного воспитания и обучения установлено несоответствие рабочих учебных планов типовым учебным планам; несоблюдение возрастной периодизации при комплектовании групп дошкольного мини-центра, класса предшкольной подготовки; отсутствие предметно-пространственной среды, обеспечивающей личностное, интеллектуальное, социальное и эмоциональное развитие воспитанников дошкольного возраста.
По итогам меры государственного контроля руководству школы выдано предписание об устранении нарушений с указанием сроков, даны рекомендации по приведению образовательной деятельности в соответствие требованиям законодательства.