2019 жылдың 24 қаңтарында Қостанай облысының білім саласындағы  бақылау департаментінің басшысы Орал Каппасов педагогикалық қоғамдастығының өкілдері, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыс аясында Қостанай облысының білім  саласындағы бақылау департамент қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау шаралары жөнінде сұрақтар  қарастырылды.