2018 жылдың 28 ақпанында  «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» ММ  Қостанай облысының  білім саласындағы бақылау Департаментінің басшысы Каппасов О.К. жергілікті атқару органдарымен қарым-қатынас жасау аясында білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында Меңдіқара ауданының білім бөлімінің мамандары, білім беру ұйымдарының педагогикалық қоғамдастығы, қамқоршылық кеңес өкілдерімен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында білім жүйесіне енгізілген жаңалықтар,  қамқоршылық кеңес жұмысын қоғамдық бақылау механизмі бойынша қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды.  Қостанай облысының білім саласындағы бақылау Департаментінің  ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында негізгі қызмет бағыттары, ішінара тексеріс жүргізудің нормативтік  негіздері,  лицензиялау және хабарлама жасау тәртібіне байланысты талаптар мен рәсімделу тәртібі бойынша түсіндірме берілді.