2019 жылдың 10 сәуірінде Қостанай облысының білім саласындағы бақылау Департаментінің басшысы О. Қаппасовтың Жітіқара ауданының педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен  кездесуі өтті.

  

Кездесуге 130-дан астам қатысушылар, оның ішінде білім беру бөлімі басшысының орынбасары, білім беру бөлімінің меңгерушілері, әдіскерлері, мамандары, мектеп, бөбек-балабақша директорлары, білім беру ұйымдарының педагогтары, психологтары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің өкілдері кездесуге қатысушылардың сауалнамасына қатысып, білім беру саласындағы толғандырған мәселелерді көрсетіп, өз ұсыныстарын айтты.

Басшы білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау жүргізу, жаңа форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу, орта білім беру ұйымдарының оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) мәселелері, сондай-ақ Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсініктемелер берді.