2019 жылдың  4-5 сәуірінде Қостанай облысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова келді.

 

4 сәуірде Қостанай қаласында отбасы үлгісіндегі «Жанұя» балалар ауылы, «Золотой колос» МҮ, Қостанай жоғары политехникалық колледжі, Қостанай мемлекеттік университеті және Қостанай қаласының № 10 орта мектебін аралады.

«Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар ауылын аралағанда отбасылардың өмір сүру жағдайымен танысып және осы ауылдың тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықованың басшылығымен «Золотой колос» МҮ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевтың, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың қатысуымен, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовпен бірге Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, онда Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсініктемелер берілді. «Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ съезінде берілген  әлеуметтік саланың, атап айтқанда білім берудің өзекті мәселелері туралы баяндады.

Қостанай жоғары политехникалық колледжіне сапар барысында «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша Worldskills аймақтық чемпионатының алаңы; Сантос Дюмон (Франция) колледжімен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде құрылған шағын наубайшы; астықты сақтау және тауартану зертханасы; бірге келген студенттерге қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталықта болды. Сол жерде Қостанай облысы колледждерінің директорлар кеңесінің өкілдерімен кездесу өтті.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Парасат» сандық хабына барған кезде Co-working орталығымен (студенттік старттық мен ғылыми идеяларды іске асыруға арналған бастапқы алаң), IT-skills (робототехника, 3D үлгілеу), Cyber-club және Agro-skills кеңселерімен танысты. Кездесу барысында оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысып, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттерімен, магистранттарымен және докторанттарымен кездесу өткізді.

    

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебіне барған кезде мектептің педагогикалық құрамымен кездесу өткізіп, педагог мәртебесі, үштілді білім беруді дамыту, мұғалімдердің еңбекақысын арттыру туралы түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу мәселелері мен психологтардың және сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру шаралары талқыланды.

5 сәуірде Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі, Б.Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі, Айсары орта мектебі, № 2 Затобол орта мектептерін аралады.

Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжін аралаған уақытта онда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының, сондай-ақ зертхананың студенттері мен тыңдаушыларына арналған арнайы пәндер кабинеттерімен танысты. Студенттермен, оқытушылармен, әлеуметтік серіктестермен кездесу барысында оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, қосымша біліктілік алу, жұмысқа орналастыру және практикадан өту мәселелері бойынша әңгіме жүргізді.

Ш. Уәлиханов орта мектебін аралаған кезде Әулиекөл ауылының тұрғындарымен кездесіп, білім беру саласын дамыту жөніндегі Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсініктемелер берді.

Б.Кенжетаев атындағы Новонежин  орта мектебінде сыныптарды, ІТ кабинет, интернат пен «Балдаурен» балабақшасын аралады.

Айсары орта мектебінде кітапхана, спорт залы мен информатика кабинеттерін аралады. Сонымен қатар шағын-орталықты қарап, қазақ тілі мен ағылшын тілінің сабақтарына қатысты.

№2 Затобол орта мектебінде 8 Б сыныбында физика және ағылшын тілінің сабықтарына қатысып, мектептің негізгі кабинеттері мен медициналық кабинет, кітапхана және акт залын аралады.