«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ  ережесіне сәйкес, сондай-ақ білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде, 2019 жылдың  24 мамырында Департамент басшысы аудандық білім бөлімінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар, бөбек-бақша меңгерушілері, білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің өкілдері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, проблемаларды шешу жолдары, білім беру сапасын арттыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірлескен іс-қимыл жасау; білім беру ұйымдарында бақылау субъектілеріне барумен профилактикалық бақылау жүргізу, өңірдің білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, білім беру қызметін лицензиялау, қоғамдық бақылау, мектептердің қамқоршылық кеңестерінің жұмысы туралы мәселелер қаралды.