Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының № 3 Қосымшасындағы 12 тармағына келісе мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы білім беру қызметі хабарлама жасау тәртiбiне жатады.

Хабарлама жасау тәртiбi – қызметтi немесе әрекеттердi жүзеге асыру басталғанға дейiн жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңда белгiленген тәртiппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органды хабардар ету мiндетiн белгiлеу болып табылады.

Өтiнiш берушiлер рұқсаттар мен хабарламалардың «Е-лицензиялау» мемлекеттiк ақпараттық жүйесi арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға («ҚР БжҒМ БжҒСБК Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаменті»  ММ) хабарламаларды жiбередi.

Қазақстан Республикасының заңдарында, нормативті актілерде көзделген мәлiметтер нысанын ұсыну арқылы өтiнiш берушiлер хабарлама жасау тәртiбi енгiзiлген қызметтi немесе әрекеттердi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға өздерiнiң сәйкестiгiн мәлiмдейдi.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қажеттi құжаттар хабарламаға қоса берiледi, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкiн құжаттарды және өзге де ақпаратты өтiнiш берушiлерден талап етуге тыйым салынады.

Хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берiлетiн құжаттарда қамтылған мәлiметтердiң анықтығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.

Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жерi, хабарламада көрсетiлген қызметтi немесе әрекеттердi жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшiн мiндеттi болып табылатын тiркеу деректерi өзгерген жағдайда, өтiнiш берушi өзгерiс болған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде осы бапта белгiленген тәртiппен көрсетiлген өзгерiстер туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.