Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет бойынша 2021 жылғы 5 қаңтар мен 15 ақпан аралығында 9 қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы саны-5, оның ішінде жеке тұлғаларға – 5 ( ЭҮП – 5, ХҚКО арқылы – 0). «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет бойынша қызметті алушыларға келесі бас тартулар негіз болады:- шығу елі Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылмаған;- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек мемлекеттік қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмеген;- апостиль қою үшін ұсынылған білім туралы құжатты басқа елдің оқу орны берген;- оқу орны азаматтың оқу фактісін және білімі туралы құжат берілгенін растамаған;- апостиль қою үшін ұсынылған құжаттар білім туралы құжаттар болып табылмаған;- «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметке жүгінген жағдайда шлюз арқылы мемлекеттік баждың төлемі жасалмаған.