«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ мемлекеттік қызметкерлер арасында әкімшілік мемлекеттік ваканттық қызметке  ішкі конкурс  жариялайды

Ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

С-О-4  санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Санаты Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
min max
С-О-4 109898 148301

         

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (әрі қарай-Департамент), 110000, Қостанай қаласы, Гоголь к. 177А үй, 3-ші қабат, 301 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7142)-54-71-14,  e-mail: dkso@kostanaycontrol.gov.kz,   Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері арасында  Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы,

санаты  С-О-4

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін ұйымдастыру, үйлестіру, жоспарлау және бақылау; Департаменттің өз құзыреттілігіндегі қызметтерін үйлестіру; білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Департамент қызметінің сараптамасы мен мониторингін ұйымдастыру; мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттар әзірлемесін жүзеге асыру: Департамент құзыреттілігіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары мен мемлекеттік бағдарламаларын дамытудың стратегиялық жоспарларын жасау;

Тексерістерді өткізу, мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік қызмет көрсетуге бақылау жасау; Департаменттің тексерістерін тиімді өткізілуін талдау және зерделеу; әкімшілік іс қозғау және құқық бұзушылықтарды жауапкершілікке тарту барысында әкімшілік процессуалды заңнаманы қадағалауды бақылау; бөлім қызметкерлері өткізген білім ұйымдарындағы тексерістер мен мемлекеттік аттестаттау материалдарын бақылау мен талдау;  оқу жетістіктерін сырттай бағалау, ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуді басшылыққа алу және бақылау; Департамент қызметінің  мониторингтік қызметін бақылауды жүзеге асыру; білім ұйымдарында аттестаттау өткізудің халықаралық тәжірибесін  тәжірибе жүзінде талдау мен қолдану; Департамент құзіреттілігіне жататын сұрақтар бойынша өзге бөлімдер мен облыстық құрылымдарымен, олардың ведомоствалық бағынышты ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру; бөлім құзіреттілігі ішінде статистикалық есеп беру сұрағын  үйлестіру;  Департамент қызметінің жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсету, бөлім құзіреттілігіне жататын жеке, заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Білім» бағыты бойынша жоғары білім. Аталған санаттың қызметі бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті білімдер.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметпен айналысуға конкурс өткізу  Ережесінің  2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе “е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Үміткерлермен әңгімелесу үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Департаменттің ғимаратында, Қостанай қаласы, Гоголь  көшесі, 177А, 3 қабат мекенжайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені__________________________________________________________________

____________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу    конкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға  міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________

____________________________________________________________________________

________                                      ____________________________________

(қолы)                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.