2017 жылғы 03 – 07 сәуір аралығыңда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжi» КМҚК мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді. 

«Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесін 2017 жылғы 10 сәуірдегі №174 «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжi» КМҚК мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжi» КМҚК мына мамандықтар бойынша білім беру қызметі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келеді:

0101000   Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту,    010101    3 мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі;

0105000   Бастауыш білім беру, 010501 3    бастауыш білім беру мұғалімі,  010503 3  шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі;

0402000 Дизайн (профиль бойынша), 040201  3  дизайнер;

0403000   Әлеуметтік-мәдени  қызметі және халықтық көркемдік                                              шығармашылығы (профиль бойынша),  040301  3  педагог-ұйымдастырушы.