Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі бойынша  2019 жылдың 1 тоқсанында келесі іс-шаралар өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл есеп беру кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке кеңестік көмек көрсетті, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілерге – 4, жеке тұлғаларға-3.

 

Мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға мемлекеттік қызметке өту мәселелері бойынша- 4; қызметтік әдептілікті сақтау-1; лауазымды міндеттерін орындау жөнінде (сапалы орындау)-1; білім беру ұйымдарына  мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша – 2 жеке кеңестік көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша                           департаменті бастамасымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында азаматтарды қабылдау-4, оның ішінде қаңтар – 1, ақпан – 1, наурыз – 2, сонымен қатар 1–уі бірыңғай күні аясында азаматтарды қабылдау (27 наурыз 2019 жылы) өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жүгінген азаматтарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметке өтуге, лауазымдық міндеттерін орындауға қатысты мәселелер, Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағытталған шаралар, мемлекеттік органның функциялары мен міндеттері туралы және т.б.) мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік қызметкерлер арасында мінез-құлық стандарттарын сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Өткізілген жұмыс барысында (әңгімелесу, кеңестер, семинарлар, коучингтер) Департаменттің мемлекеттік қызметкерлеріне мемлекеттік қызметкерлердің киім нысанына қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметкерлердің телефон әдептілігі бойынша ұсыныстар, сыйлықтар тапсыру бойынша жадынамалар және т. б. берілді.

 

Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілермен Департамент қызметінің бағыттары бойынша мемлекеттік қызметке өту мәселелері бойынша материалдар жарияланып отырылады.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы аясында Департаментте мемлекеттік қызметте әдептілік  нормаларды ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны құруға бағытталған шараларды іске асыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі бойынша кеңес өткізілді.

Өзінің лауазымдық міндеттері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (лицензиялау, апостиль қою) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан әңгімелесу жүргізіледі. Ағымдағы жылдың наурыз айында (2019 жылғы 07 наурыз) мемлекеттік қызметшілермен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабының нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелесу өткізілді, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге «…өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.».

Жалпы департаменттің қызметін сүйемелдейтін интернет-ресурстармен практикалық жұмыста кеңестік көмек ретінде Департамент қызметкерлерімен  «мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатында медиа және ақпараттық сауаттылықты ілгерілету» тақырыбы бойынша әрдайым жеке коучинг (тәжірибелік жұмыс) өткізіліп отырылады.

Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруіне дағдыландыру мақсатында латын әліпбиінде диктант өткізіледі.

Департаментте қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, ұжымды біріктіруге, барлық мақсаттар мен міндеттерге ортақ ұғынуға бағытталған тимбилдинг әдістемесі бойынша мемлекеттік қызметкерлер үшін ұжымдық іс-шара  ағымдағы жылдың 20 наурызында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік тимбилдинг өткізілді.

Мемлекеттік қызметкерлер мен жұртшылық арасында хабарландыруды арттыру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру және адамгершілік, әдептілік құндылықтарды ілгерілету мақсатында Департамент facebook, Telegram әлеуметтік желілерінде, «Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаменті» Фейсбук тобының ресми беттерінде, «Қостанай облысының БСБД KZ білім беру»  жеделхат топтарында өзінің ақпараттық контенттерін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті құрған ақпараттық контенттерді (бейнероликтер, мәтіндер, бейнелер және т. б.) орналастырады.

Департаменттің ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметкерлердің оң жұмыс тәжірибесін растайтын материалдар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында іс-шаралар өткізілген (семинарлар, кездесулер, әңгімелесулер, диалогтық алаңдар) жарияланып отырылады.  Департамент басшысы аймақтың аудандары мен қалаларының педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен, білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің өкілдерімен кездесулер өткізеді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Департамент басшысы Сарыкөл, Ұзынкөл, Қарасу, Федоров, Жітіқара аудандарында педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен кездесулер өткізді.

Есепті кезеңде Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік орган қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында іс-шаралар (семинарлар, кездесулер, сұхбат алаңдары) өткізілді. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат департаменттің интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде (Фейсбук, жеделхаттар) орналастырылған.

Осылайша, Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды іске асыру үшін мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдайды.

Жариялымның авторы: Нукеева Ж. Т., Әдеп жөніндегі уәкіл (функциясын  жүктеу)