Есепті кезеңде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға жеке кеңестік көмек көрсетті.

Барлығы 21 адам кеңеңстік көмекке жүгінді, оның ішінде: 7 мемлекеттік қызметкер, 2 штаттан тыс қызметкер, 8 білім беру ұйымдарының басшылары, 4 басшының орынбасарлары.

Мемлекеттік қызмет, функционалдық міндеттерді орындау, білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша, мемлекеттік орган қызметінің бейінді мәселелері бойынша жеке кеңестік көмек көрсетілді.

13 азаматтар қабылданды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті бастамашылық еткен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні шеңберінде (2019 жылғы 27 наурыз және 21 тамыз). Есепті кезеңде барлығы 26 азамат қабылданды, оның ішінде 19 мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жүгінген азаматтарға мемлекеттік қызмет өтуге, лауазымдық міндеттерін орындауға қатысты мәселелер бойынша; мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағытталған шаралар туралы; мемлекеттік органның функциялары мен міндеттері туралы; мемлекеттік орган қызметінің барлық спектріне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау шаралары туралы және т. б. түсініктемелер берілді.

Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында түсіндіру сипатындағы 79 іс-шаралар өткізілді: 17-лекциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер, сұхбат алаңдары, әңгімелесулер; ресми интернет-ресурстарда 50 жарияланым және 10 бейнесюжет (бейнеролик) орналастырылды; баспа БАҚ 2 мақала жарияланды.

Сонымен, білімді жетілдіру мақсатында және түсіндіру жұмыстары аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті өкілінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар;

– сандық құзыреттілікті меңгеруді растау мақсатында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Digital check» челенджіне қолдау көрсетіп, белсенді қатысты;

– Білім саласындағы мемлекеттік бақылаудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басқарма бастығы               А.Ж.Еділхановпен «Developmen day» түріндегі кездесу;

– Департамент қызметшілері «Developmen day» форматында Қостанай қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Аягөз Байгоновамен кездесуі»;

– Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалында өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» Республикалық бейнероликтер мен видеолекциялар конкурсының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын құрметтеуге қатысты;

-Департамент қызметкерлерінің Қостанай облысының мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілерді қабылдау және түсіндіру іс-шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Б. Искендировпен өткізілген кездесуі.

-Департаменттің 2 қызметкері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінде өткізілген «Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауы, атап айтқанда, олардың жақын туыстары кәсіпкерлік қызметпен айналысу мәселелері бойынша және «Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру кезінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары туралы» тақырыптары бойынша пікірталас алаңының отырысына қатысты;

– Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай қаласындағы филиалында «Қазіргі заманғы HR менеджмент» семинары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша диалог алаңының отырысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Муксимовпен бекітілген «Мемлекеттік қызметте қызметтік әдеп стандарттарын нығайту бойынша негізгі      іс-шаралар жоспарын» іске асыру шеңберінде 2019 жылдың 30 шілдесінде  Департаментте қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізілді: 2019 жылғы 23 тамызда – «Тәртіптік теріс қылықтар және жауапкершілік: өткен жылдың тәжірибесі мен сабақтары» тақырыбындағы сұхбат алаңы»; 2019 жылғы 06 қыркүйекте-«Мемлекеттік қызметтегі қызметтік қарым-қатынастың басқару мәдениеті мен әдептілігі» тақырыбында дөңгелек үстел; 2019 жылғы 25 қазанда- «Қоғамдық жерлердегі мінез – құлық әдептілігі» тақырыбында семинар-кеңес; 2019 жылғы 15 қарашада-«Тәртіптік теріс қылықтар және жауапкершілік: өткеннің тәжірибесі мен сабақтары» тақырыбында сұхбат алаңы; 2019 жылғы 06 желтоқсанда-«Ққызметтік қарым-қатынасты қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел.

Департамент өз қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде жариялау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында баспа БАҚ мемлекеттік қызметшілердің 9 мақаласы жарияланды.

Департамент аймақ тұрғындарымен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін адамдарды жан-жақты талқылау және түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, облыстың шалғай аудандарын түсіндіру жұмыстарымен қамтуға, көшпелі кездесулер мен семинарлар өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылы Департамент басшысы О. Қаппасов Сарыкөл, Ұзынкөл, Қарасу, Федоров, Жітіқара, Алтынсарин аудандарында, Қостанай қ., Рудный қ. көшпелі кездесулер өткізді. Түсіндіру кездесулерін өткізу уәкілетті орган тарапынан назарды және шешімдерді талап ететін мәселелерді анықтауға, қоғамның сұрауларына уақтылы ден қоюға, өз құзыреті шегінде әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді, бұл тұтастай алғанда мемлекеттік орган қызметінің ашықтығына және  оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ағымдағы жылы жас мемлекеттік қызметшінің жұмыс тәжірибесі жинақталды: әлеуметтік желілерде Департаменттің бас маманы З.Г.Қабдоллаева облыстық жас мемлекеттік қызметшілер бейнероликтерінің байқауына қатысу аясында «Жаңа формациядағы жас мемлекеттік қызметші» атты бейнеролик жарық көрді.

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамашылығымен Департаменттің бас маманы Р.М.Акулова мемлекеттік қызметшілер арасында мақалалар байқауына қатысып, «Мемлекеттік қызметтегі бүгінгі басымдықтар» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады.

Мемлекеттік қызметшілердің оң жұмыс тәжірибесі туралы баспа БАҚ: Әдеп жөніндегі уәкілдің «Учительская плюс» облыстық газетінде – «Әдеп және жоғары біліктілік-кәсібиліктің негізі», «Мемлекет пен оның азаматтарының мүддесінде» мақалалары жарияланды.

Ағымдағы жылдың қазан айында мұғалімдер күні қарсаңында Департамент басшысы Орал Қабиұлы Қаппасов «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды; білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Жайнагүл Тұрлыбекқызы Нукеева қол жеткізген жетістіктері мен Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды; Департамент ұжымы көп жылғы еңбегі, қол жеткізген жетістіктері мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша Республиканың Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет саласын дамыту жолындағы адал еңбегі үшін Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Жұлдыз Жеңісқызы Аужановаға Алғыс жарияланды.

Департаменттің қызметі қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, жұмыс тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

  Нукеева Ж.Т., әдеп жөніндегі өкілі  (функцияларды жүктеу)