2019 жылғы 27 наурызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі жеке қабылдауға жүгінген азаматтарға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.