elicense_bannerЛицензиялау

Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат.

Лицензиар – лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.

Лицензиялаудың барлық мәселелеріне арналған нұсқаулық

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңының 1-қосымшасының 3 – тармағына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензия келесі оқу бағдарламаларын іске асыруға қажет:

  1. Бастауыш білім беру.
  2. Негізгі орта білім беру.
  3. Жалпы орта білім беру.
  4. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру.
  5. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру.
  6. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру.
  7. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
  8. Діни білім беру.

Лицензиялар лицензиардың орналасқан жері бойынша беріледі. Бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, солайша біліктілер бойынша мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламалары бойынша лицензиар болып орталықтандырылған мемлекеттік органының аумақтық органдар болып табылады (Қостанай облысы бойынша  – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ)

Лицензиялау электронды түрде мемлекеттік электрондық үкіметтегі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады.

Лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады және  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес реттеледі.