2021 жылдың  4-8 қаңтар аралығында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Каникулдық мектеп жұмыс аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында оқудан өтті. Оқыту «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбы бойынша онлайн-форматта өтті.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық білім беру бейініне сәйкес тыңдаушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылды.

Оқыту шеңберінде қатысушыларға критериалды бағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, критериалды бағалау бойынша басшылық, қалыптастырушы бағалау мен бөлім үшін жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинақтары, тоқсан үшін жиынтық бағалауға арналған ерекшеліктер, оқу бағдарламаларын қамтитын әдістемелік материалдар пакеті ұсынылды.

Каникулдық мектептің қатысушылары үшін секциялық залдарда практикалық сабақтар ұйымдастырылды, күн сайын тестілеу және практикалық тапсырмалар түрінде кері байланыс өткізілді. Оқу қорытындысына келісе, тыңдаушыларға бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша әзірленген тапсырмалар түрінде әдістемелік өнім ұсынылды.

Каникулдық мектепті аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар берілді.