2018 жылдың 14 мамыры мен 01 маусымы аралығында «Қостанай облысының білім саласындағы бақылау Департаменті» ММ мамандары алғаш «Б» корпусының мемлекеттік қызметке келген қызметкерлер үшін    «Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы» РМҚК Қостанай облысы бойынша филиалында курстан өтті. Кәсіби құзыреттіліктерін дамыту барысында, курс бағдарламасында Қостанай облысы кәсіпкерлер Палатасы мен Қостанай облысы бойынша «ДАМУ» кәсіпкерлік даму қоры» АҚ АБ – сарапшы-қызметкерлерінің қатысуымен Жарғы жобасын әзірлеп дайындау және қорғау қарастырылған.  «Қостанай облысы білім саласындағы бақылау Департаменті» ММ бас мамандарының Кабдоллаева Земфира Гаджимахмудкызы мен Акулова Роза Мирамовнаның   «JANA QALA – JANA ARMAN» атты жобасы қорғау нәтижесінде  сарапшылардың өте жақсы деген бағасын алып, енгізуге ұсынылды.

                    Әріптестерімізді құттықтаймыз!!!