Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы 2019 жылдың  20 мамырында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында  Рудный қаласының педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен кездесті.

Кездесу барысында білім саласындағы бақылау департаменті қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді; білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау туралы мәселелер қаралды (2018 жылғы 24 мамырдағы Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес).

Ата-аналар қауымдастығымен білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің қызметі талқыланды, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.