«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» қаулысына келісе Департамент бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бойынша бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиары болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 57- бабы, 3-тармағына сәйкес лицензиармен білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган – бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялау бойынша комиссия (бұдан әрі – Лицензиялау комиссия) құрылды. Лицензиялау комиссия өз қызметін Ереже негізінде іске асырады.
Департамент Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 13 – бабына келісе өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін белгілейді; лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады; рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асырады; рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуді реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар:
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы (57-бабы).
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрығы.
Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету туралы есептер: