Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Алпамыс» бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік аттестаттауы өткізілді. Мемлекеттік аттестаттау барысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі бойынша бөбекжайдың қызметі зерделенді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы негізінде аттестаттау комиссиясымен бөбекжайдың қызметі мемлекеттік стандартқа сәйкестігі анықталып, оның негізінде бөбекжай аттестатталды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің бұзушылықтарына келісе ресми сайт құру, штаттық кесте мен педагогтардың тарифтеу тізімдерін ресми сайтта орналастыру, жеке педагогтарға қатысты қажетті мәліметтерді Ұлттық білім беру деректер қорына енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен бірге, тәрбиешілерге ұйымдастырылған оқу әрекетін іске асыру кезінде оқытудың дамытушы әдістерін қолдануды күшейту ұсынылды.