Онлайн-қабылдау
Қостанай облысының білім саласыңда сапаны қамтамасыз ету Департаменті өзекті сұрақтар бойынша онлайн-қабылдау жүзеге асырады:
- ҚР білім беру саласындағы заңнамалары талаптарының сақталмауы;
- студенттер, білім алушылардың арақашықтық оқуы;
- педагогтерге еңбекақыны уақтылы төлемеу;
- кәмелетке толмаған балалардың құқығын бұзылуы.
“ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ” ММ басшысының жеке және заңды тұлғаларды
ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
Азаматтарды қабылдау жүргізушінің аты-жөні | Азаматтарды қабылдау жүргізуші тұлғаның лауазымы | Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты | Мемлекеттік органның мекенжайы | Байланыс телефон |
Сураганова Айнагуль Агыбаевна | Басшы | жұма | Қостанай қ., Гоголь көш., 177 «А» | 8(7142) 549482 |
басшының орынбасары | сейсенбі | Қостанай қ., Гоголь көш., 177 «А» | 8(7142) 549482 |
“СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ”
![]() |
Департамент құзырындағы сұрақтар бойынша түсініктемені 8(7142)547114 “СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНА” хабарласу арқылы алуыңызға болады. |
- Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы ҚР Заңы
- Қазақстан республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау
“91”-бап. Шағым жасау тәртібі
- Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
- Егер әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген мерзімдерде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекет жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекет жасаудан бас тартты деп есептеледі.
- Шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған болып табылатын Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Қазақстан Республикасының Үкіметін қоспағанда, әкімшілік орган, лауазымды адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодекстің мақсаттары үшін шағымды қарайтын орган деп танылады.
- Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
- Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
- Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган әкімшілік рәсімге қатысушыға хабар береді.
- Шағымдарды прокуратура органдарының қарауы “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген негіздерде, шектерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Азаматтардың өтініштерін қарай есебі
2018 жылда: 2018 жылы Департаментке 51 өтініш келіп түсті, оның ішінде 18 өтініш, 21 шағым, 9 сұраныс, 1 пікір және 2 өтініш қараудан тоқтатылды. Келіп түскен өтініштердің 15-і өтініштерде көрсетілген мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдарға жолданды. Департамент 34 өтінішті қарады, 10 жағдайда жазбаша түсініктеме берілді, 16 өтініш қанағаттандырылды деген шешім қабылданды, 10 жағдайда шағымды қанағаттандырудан бас тартылды және 2 өтінішті қарау өтініш берушілердің өтініштері негізінде тоқтатылды. 9 шағым бойынша департамент қызметкерлері жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 6 шағым қанағаттандырылды, әкімшілік іс қозғалды, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3 шағым бойынша тексеру жүргізген кезде көрсетілген фактілер расталмау себебінен қанағаттандырудан бас тартылды. 2 шағым өтініш берушінің өтініші бойынша тоқтатылды.
2017 жылда: 2017 жылы Департамент мекен-жайына 156 өтініш келіп түсті, оның ішінде 30 өтініш жеке тұлғалардан, 126 өтініш заңды тұлғалардан. 10 өтініш басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді. 123 өтініш қанағаттандырылды. 17 жағдайда қанағаттандырылудан бас тартылды. 11 жеке тұлғалардың өтініші негізінде жоспардан тыс тексерулер өткізілді: 3 білім бөлімінде (4 тексеріс), 6 мектепте, 1 мектепке дейінгі балабақшада. Қарастырылған өтініштер бойынша тұлғаларға заңда көрсетілгендей уақытында жауаптар жіберілді.
2016 жылда: 2016 жылы Департамент мекенжайына 226 өтініш келіп түсті, оның ішінде 25 жеке тұлғалардан, 201 заңды тұлғалардан. 10 өтінішті басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді. 6 өтініштің негізінде жеке тұлғаларға жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Қарастырылған өтініштер бойынша тұлғаларға заңда көрсетілгендей уақытында жауаптар жіберілді.