Ағымдағы жылдың 23 мамырында Департаменттің лицензиялау комиссияның отырысы өтті. Отырыста Қостанай жоғары политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылау тәртібінде өткізілген рұқсаттық бақылау нәтижелері қаралды. Бақылау нәтижелері бойынша комиссиямен өтініш берушінің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мамандықтары: 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), біліктілігі 3W06130102 Web дизайнер; 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), біліктілігі 3W06130101 Бағдарламалық кешен операторы; мамандығы 07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша), біліктілігі 3W07150101 Жөндеуші-слесарь біліктілігі бойынша қорытынды жасады.
Колледжде қажетті материалдық-техникалық база құрылған, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін жедел басқару құқығына жататын материалдық активтер бар: оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, өткізу пункттері, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылау және т. б. Колледждің сұралып отырған мамандық біліктіліктері бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылуы орнатылды. Оқу-өндірістік база жаңартылған және жаңа оқу-зертханалық жабдықтармен, Интеративті жабдықтармен жабдықталған. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер кітапханалық қоры білім алушылар контингентіне сәйкес жасақталған, білім алушыларға медициналық қызмет көрсету, тамақтану объектісі бар. Колледж педагогикалық және оқытушылық кадрлармен толықтырылған. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру үшін колледж оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған мамандық пен біліктілікке сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттар жасасты.
Стратегиялық жоспарлауда колледж Білім беру ұйымын одан әрі дамыту, өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлауды жүзеге асыру, жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға тарту, жұмысшы кәсіптер мен Орта буындағы білікті мамандардың беделін арттыру, кадрларды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету және жұмысқа орналасу кепілдігін қояды.