PDF форматты жүктеу
Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары
PDF форматты жүктеу
Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Астана – 2016
Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қояды. Іскерлік адамның сыртқы келбеті – жетістікке жеткізудің бірінші қадамы, қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, сыпайылықтың дәрежесін куәландыратын «код» болып саналады.
Іскерлік стиль – кертартпалық, қатаңдық және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Бұл тігінді таңдауға – түстерге, пішімге, сол сияқты аксесуарларға да қатысты. Барлығы айқын және анықталған болуы тиіс – формасы, сызығы және силуэт. Киім қызметкердің іскерлік сапасынан назарды бұрмауы қажет.
Іскерлік стильдің басты қағидалары: