2021 жылғы 17 ақпанда Департамент басшысының орынбасары Алена Мальгаева Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысты. Бала кезінен мүгедектіктің өзекті мәселелері, орфандық аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қолдау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Бұдан басқа, өңірлік комиссиялардың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы есептері тыңдалды.
