Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі әдеп нормаларын ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Кеңестер мен жеке қабылдаулар сізді қызықтыратын мәселелерді зерделеуге және оларды тез шешуге мүмкіндік береді. Есептік кезеңде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз өкілетігі шегінде мемлекеттік қызметкерлерге, азаматтарға жеке кеңес беру бойынша көмек көрсетті: 88 жеке кеңестер өткізілді, оның ішінде 21 – мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша, бейінді мәселелер бойынша жеке кеңес беру бойынша көмек, 67 – азаматтарға бейінді мәселелер бойынша жеке кеңес беру бойынша көмек берілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтардың 30 өтінішін қарады – Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері, педагогтар, білім алушылардың ата-аналары. Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жүгінген азаматтарға өтініштер мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Сұрақтар мемлекеттік қызметті өткеру, лауазымдық міндеттерді өзгерту, штаттарды қысқарту, мемлекеттік бақылау, педагогтарды аттестаттау, арнайы пәндер оқытушысы лауазымына орналасу үшін диплом бойынша білімінің сәйкестігі), мектепке қабылдау, оқушыларды мектепке дейін жеткізу, кәсіптік практикадан өту үшін студенттерді мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу, мектеп басшыларының бос лауазымдарына орналасу бойынша конкурстық рәсімдер, Халықпен жұмыс істеу, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормалары туралы болды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының алаңдары, әлеуметтік желілердің ресми парақтары пайдаланылады. Есепті кезеңде барлығы интернет-ресурстарда 108 жарияланым, оның ішінде: 27 жарияланым – мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында (ресми сайт), 81 жарияланым – әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда орналастырылды.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлерінің оң жұмыс тәжірибесі туралы Әдеп жөніндегі уәкілдің «Учительская плюс» облыстық газетінде «Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен имиджі»; «Басым бағыт – білім беру сапасы»; «Қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ету» жарияланымдары орналастырылды.
Департаментте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің мұражайларға, театрлық қойылымдарға, елдің, өңірдің тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне (Докучаев жалпы білім беретін мектебіндегі мектептің тарихи-өлкетану мұражайы, Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихының облыстық мұражайы және т.б.) баруы ұйымдастырылды. Ішкі әлемді интеллектуалды байыту, жан-жақтылықты кеңейту, әдемілікпен, әртүрлі мәдениеттермен танысу әлем мен уақытқа қатыстылықты сезінуге, өмірдің әртүрлі салаларында шығармашылық өсуге, эстетикалық талғамды дамытуға мүмкіндік береді.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлерінің жұмыс орнында дене бітімін сақтауға, күш-қуат алуға, өзінің денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтауға және қолдауға мүмкіндігі бар: Департаментте дене бітімін сақтау үшін жағдайлар жасалған: дартс, шахмат, дойбы ойнауға арналған аймақтар орнатылған. Негізгі міндет – қызметкерлердің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру, олардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастық.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ Департамент ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2021 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнама жүргізу бойынша мемлекеттік қызметкерлерге анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері Департамент ұжымында тұрақты қолайлы моральдық-психологиялық ахуал орнатылғанын көрсетті.
Мониторинг нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты теріс жарияланымдар, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтары жоқ.
Департаментте мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтары жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Сонымен қатар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Каникулдық мектеп жұмысы аясында сертификат ала отырып оқытудан өтті; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін іс жүзінде қолдану мәселелері бойынша онлайн-оқытудан өтті.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметінің мәселелері бойынша жеке кеңес беру және әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 2021 жылы 10 жыл толды. Департамент ұжымында қонақтарды шақыра отырып, дөңгелек үстел форматында салтанатты іс-шара өтті. Ұжыммен кездесуге Батима Бексұлтанқызы Даумова, Нина Викторовна Колесникова, Ырсалды Сиелханқызы Келінбердиева келді.
Департаменттің жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Қостанай облысы әкімінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен атап өтілді.
Департамент басшысы Орал Қабиұлы Қаппасов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының мерейтойлық медалімен, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.
Департамент ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен; 5 – (Аужанова Ж. Ж., Галухина Е. Р., Кайралапов А. К., Нукеева Ж. Т., Мальгаева А. С.) – Департаменттің 10 жылдығына орай ҚР БҒМ мерейтойлық медалімен; 1-(Мальгаева А. С.) – ҚР БҒМ алғыс хатымен; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай: 1 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (Аужанова Ж. Ж.); 2 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (Мальгаева А.С., Кайралапов А. К.), 1 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғысы (Кабдоллаева З. Г.)-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапатталды.
Жарияланымның авторы: Нукеева Ж. Т., Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі