- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ММ-нің 22.11.2019 жылғы ережесі
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ММ-нің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы ережесі
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 789 қаулысы … Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар – мемлекеттік мекемелерді қайта атау туралы
- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы
1. Білім беру қызметін лицензиялау-заңды тұлғаларға: бастауыш білім беруді; негізгі орта білім беруді; жалпы орта білім беруді; біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін Мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді; біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін Мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беруді ұсынуға білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беру.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің хабарлама тәртібі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау; – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, білім беру ұйымын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен алып тастау; – қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру; – хабарлама жасау тәртібін Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру.
3. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою – ХҚКО немесе электрондық үкімет порталы арқылы берілген өтініш арқылы мемлекеттік қызмет көрсету.Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
4. Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
6. Білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін және ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДҚ) жүргізу.
7. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, қабылдау және Бала қонақтайтын отбасы, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша балалардың құқықтарын қорғауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнінде мониторинг жүргізу.
8. Мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйлерінің жанындағы қамқоршылық кеңестердің отырыстарына байқаушы ретінде қатысу.
9. Білім беру ұйымдарына әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсету.
10. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
11. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.