ПРИКАЗ МОН РК

№652 от 28 ноября 2018 года

О переносе сроков государственной аттестации организаций образования

Приказ МОН о переносе сроков проведения государственной аттестации организаций образования

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Білім туралы» Заңның 59-бабына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері болып табылады.

Білім беру ұйымдарын  мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

Сонымен қатар, аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.

Осыған орай қолданыстағы заңнамада мемлекеттік аттестация жүргізу  мерзімін кейiнге қалдыру тәртібі  қарастырылмаған.

  1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 137-бабына сәйкес тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау мынадай нысанда жүзеге асырылады:

1) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi — осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;

2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары.

Сонымен қатар, Кодекстің 140-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Орта білім беру ұйымдарының негізгі бөлігі мемлекеттік болып табылады.

Осыған орай аталған  норма білім беру ұйымдарына таратылмайды.

Осылайша қолданыстағы заңнамамен  орта білім беру ұйымдарына ішінара  тексеруді жүргізуге мораторий енгізу  қарастырылмағанын атап өтеміз.

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің орынбасары

З.Баймолдина