Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталмақ. Олай болса, қаламыздың барша ұстаздарын, ата-аналар мен оқушыларды осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым. Оған деген ізденісте әркімнің таласы бар. Мұның өзі – жәй құштарлық емес, кім-кімнен де ынта мен ықыласты, сабыр мен саналы еңбекті талап ететін дара дүние.

Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы — білімді адам. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып, өмірдің қыр-сырын танытатын да ұстаздар.

Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Барлық оқушылар мен студенттерге, ұстаздар мен ата-аналарға мықты денсаулық, құт-береке тілеймін!

 

ДАУМОВА БӘТИМА БЕКСҰЛТАНҚЫЗЫ —
Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаментінің директоры